Туризм және саяхат: Қарағанды облысы Алматыдағы KITF халықаралық көрмесіне қатысуда

Туризм және саяхат: Қарағанды облысы Алматыдағы KITF халықаралық көрмесіне қатысуда

Алматыда KITF халықаралық көрмесі өтуде. Экспозиция Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және еліміздің туристік саласының басты оқиғасы болып табылады. Оған әлемнің 30 елінен мыңнан астам туристік компания қатысады.

Қарағанды облысынан кәсіпкерлік басқармасы, Қарқаралы ұлттық паркі, R-TOUR туристік агенттігі, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені, «Nomads Club» ЖШС ішкі туризм туристік агенттігі, «Орман» қонақ үйі, Visit Qaraganda туристік ақпараттық орталығы өкілдік етеді.

Алаңда Қарағанды өңірінің бай мәдени және табиғи мұрасы таныстырылды. Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың демалуы үшін танымал орындар Қарқаралы саябағы мен Балқаш көлінің жағалауы болып табылады.

Егер Қарқаралы ұлттық паркі – таулы-орманды оазис және белсенді туризм үшін өте қолайлы болса, онда Қазақстанның үздік 20 туристік орнының қатарына кіретін Балқаш көлі су спортын сүйетіндердің де, тынығып уақыт өткізуді қалайтындардың да көңілінен шығуы мүмкін. Бұл бағыттар үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталары әзірленді.

Көрме аясында пленарлық отырыстар, роуд-шоу, семинарлар, тұсаукесерлер және басқа да салалық іс-шаралар өтеді.

KITF – бұл меморандумдарға қол қою, елдер арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламаларын дамыту үшін тамаша мүмкіндік.

Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының ақпараты бойынша