Қарағандының орталық саябағында енді алма бағы болады

Қарағандының орталық саябағында енді алма бағы болады

Қарағандыда қоғамдық аумақтарды көгалдандыру жалғасуда. Орталық мәдениет және демалыс саябағында көпшіліктің сүйікті аттракционы – балалар темір жолының бойында алма бағы пайда болады. Оны салу басталды.

"Біз қазірдің өзінде бес мың алма ағашын егуге кірістік. Бұл ағаштар қалалық саябақтың артқы жағында, Ғазалиев көпірінің бойында және теміржол бойымен өтетін маршрут бойынша пайда болады. Уақыт өте келе бұл аллеялар қаланың сыртқы келбетін өзгертіп қана қоймай, тұрғындарды гүлденуімен және балғын жемістерімен қуантады", – деп хабарлайды Қарағанды саябақтар басқармасы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Кәсіпорынның мәліметінше, биылғы маусымда Назарбаев даңғылы мен Орталық саябақта 10 мың қарақат көшеті егіледі.

Бұл жобаға бюджет есебінен бір де бір теңге жұмсалмайды. Астаналық тәлімбақ серіктестік қарым-қатынас аясында көшеттерді тегін берді.