26 сәуірде сағат 09:00 Саранда бастау алатын жарысқа спорт әуесқойларын шақырады. Оның бағыты қаланың орталық көшесі – Жамбыл көшесімен 2900 метрді құрайды. Орналасу орны – МҮ алдындағы алаң.
Эстафетаға:
- Саранның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары;
- Саран колледждерінің студенттері;
- өндірістік ұжымдардың ерлер командалары;
- өндірістік ұжымдардың әйелдер командалары.
Бұл жарыс дәстүрге айналып, қалада 61-ші рет өткізіліп отыр.
Тіркеу және толық ақпарат алу үшін Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне, сондай-ақ жарыстың бас төрешісі Ирина Гаршановаға 8-775-66-88-136 телефоны арқылы хабарласу қажет.