Қарағанды өңірі үшін бірегей археологиялық олжалар тарихи-өлкетану мұражайына берілді

Қарағанды өңірі үшін бірегей археологиялық олжалар тарихи-өлкетану мұражайына берілді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорлары біздің өңір үшін бірегей археологиялық жәдігерлермен толықты. Олардың қатарында сақ алтыны мен аймақтағы жалғыз сақ қазаны бар.

Мұражайдың жаңа экспонаттары – 2020–2024 жылдар аралығында облыс аумағында қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілер. Табылған заттардың көпшілігі «Талды» және «Талды-2» қорымдарынан шыққан.

– Музейге берілген сақ алтыны мен қазаны Қарағанды облысы үшін бірегей. Осы уақытқа дейін біздің өңірде мұндай олжалар болған жоқ. Сақ мәдениетінің заттары негізінен еліміздің оңтүстік бөлігі Жетісуға тән, – дейді Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.

Сондай-ақ, тапсырылған жәдігерлер қатарында 2–3 мың жылдық ежелгі тұрмыстық заттар, 

әшекейлер, керамика сынықтары мен адамдардың сүйектері бар.

Зираттардың бірінен археологтар жақсы сақталған бас сүйектерін тапты. Олар бойынша мамандар Қарағанды облысының аумағында өмір сүрген сол дәуірдегі адамдардың келбетін қалпына келтіре алды.

– Бас сүйегінің сыртқы келбетін қалпына келтірумен әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мол мамандар айналысады, сондықтан мұндай қалпына келтіру өте дәл болады. Біздің археологтар табылған бас сүйектерін Ресейге, Ирландияға, Венгрияға жібереді. Мамандар адамдардың беттерін қалпына келтіреді және оларды пластикаға құяды. Осылайша, белгілі бір дәуірдің адамдарың келбеті қандай болғанын айқын көрсететін ұзақ мерзімді және қарапайым күтім экспонаттары алынады, – деді Ержан Нұрмағанбетов.

Қазір мұражайда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сол кезде жаңа экспонаттар көпшілік назарына ұсынылады.