Нұра ауылында 60 бейнебақылау камерасы орнатылады

Нұра ауылында 60 бейнебақылау камерасы орнатылады

Нұра ауылында бейнебақылау камераларын орнатуға кірісуде. Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов мердігер ұйым өкілдерімен, Нұра кентінің әкімі Мұратбек Тұраровпен және аудандық полиция бастығы Марат Тұяқбаевпен елді мекенде бейнебақылау камераларын орнату мәселелерін талқылады.

Кездесуде ауылдың картасында камераларды орналастыру орындары қаралды. Аудан әкімі жол қозғалысы қарқынды жерлерде, сондай-ақ мектептер мен балабақшалардың жанында бейнекамералар орнатуға ерекше назар аударуды тапсырды.

— Камералар ауылға кіретін және шығатын жерлерде, Нұра арқылы өтетін облыстық трассаның бойында, қоғамдық орындарда және ең қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ орталық көшелердің барлық дерлік қиылыстарында орнатылады. Бұл оқиғаларға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді және азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттырады, — деп атап өтті Бақытжан Мұқанов.

Сондай-ақ, бейнекамералар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс шығаруды қадағалайтын болады.

Жалпы, ауыл бойынша 60 бейнекамера орнату жоспарланған. Олардың 10-ы 360 градусқа панорамалық шолу жасайды, қалғандары 180 градус шолу бұрышын ұстап тұрады. Мердігер ұйыммен үш жылдық шарт жасалды, ол бойынша техникалық қызмет көрсету тұрақты негізде жүргізілетін болады. Камераларды монтаждау осы аптада басталады.

— Камераларды орнату ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап ретінде жүзеге асырылуда, — дейді аудан басшысы. — Бейнебақылау жүйесі құқық бұзушылықтар санын қысқартуға, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жалпы ауылдың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

Полиция бастығы Марат Тұяқбаев камералар құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын және қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.