Қарағандыда жас ғалымдар баспаналы болды

Қарағандыда жас ғалымдар баспаналы болды

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 14 жас ғалымдары үшін Ғылым қызметкерлері күні қос мерекеге айналды. Мейрам қарсаңында Евней Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған форумда оларға пәтер кілттері табыс етілді.

Зерттеу университеті мәртебесіне жету ғалымдардың қосқан үлесінің арқасы, олардың арасында жастар да аз емес. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – басым міндеттердің бірі.

– Зерттеу университеті – бұл тек гранттар мен зертханалар ғана емес, сонымен қатар талантты оқытушылар, ғалымдар мен қызметкерлер бағаланатын орта. Біз ертеңгі күнге сенім болмаса, мықты ғылым құру мүмкін еместігіне сенімдіміз, – деп атап өтті Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбеков.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банкі» арасында жас ғалымдарға арналған ипотека туралы келісім жасалды. Қоныс тойы - осы ынтымақтастықтың нәтижесі.