Үш жылдай Қарағандыда «Шырақ» тіл оқыту орталығы жұмыс істейді. Мұнда қазақ, ағылшын және түрік тілдерін тегін оқуға болады. Бүгінгі таңда курстың ең ересек тыңдаушысы 84 жаста. Ол қазақ тілінің тереңдігі мен сұлулығын менгеруде.
– Орталықтың мақсаты қарапайым, бірақ өршіл: 18 жасқа толған әрбір Қарағанды тұрғынына кәсіби өсу үшін де, жеке басының дамуы үшін де қажетті тілдерді тегін оқу мүмкіндігін беру. Орталықтың жұмысы келесі бағыттар бойынша құрылады: қазақ, ағылшын және түрік тілдерінен тегін курстар; мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған мәдени іс-шараларды ұйымдастыру; сыртқы жарнама мен ақпараттық материалдардағы тіл сапасының мониторингі, – деді орталық директоры Әсия Смықова.
Орталық көптеген қала тұрғындары үшін тартымды орынға айналды. Бастауыш сынып оқытушысы Екатерина Бандалетова декреттік демалыс кезінде қазақ тілін үйренуде.
– Курстар туралы таныстарымнан білдім. Мені әрдайым қазақ тілінің грамматикасы қызықтырды – ол қисынды және түсінікті. Бір жыл оқып келем, енді маған көбірек тәжірибе қажет. Орталық мен үшін жаңа білім алуға ыңғайлы орынға айналды, – деп бөлісті Екатерина.
Сондай-ақ, әр сенбі сайын Достық үйінде қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге болатын әңгімелесу клубтары өткізіледі.
Қарағандылық Ескендір Мұратов сегіз тілде еркін сөйлейді және осымен тоқтамаймын деп шешкен. Жас жігіт небәрі 21 жаста.
– Мен тілдерді 14 жастан үйрене бастадым. Сантьяго Бернабеу стадионына барғым келді – испан тілін жарты жылда үйрендім. Қазір араб, француз, қытай және португал тілдерін оқуды жалғастырудамын. «Шырақ» орталығы маған ағылшын тілін бір деңгейде сақтауға көмектеседі – мен мұнда тәжірибе алу үшін келемін, – дейді Ескендір.
Отбасылық оқиғалар да бар. Ерлі-зайыпты Ирина Власенко мен Жанат Иманбеков қазақ және ағылшын тілдерін бірге үйренеді.
– Қазақ және ағылшын тілдерін үйренеміз, үйде бірге айналысамыз, ал демалыс күндері speaking-клубқа барамыз. Бұл біздің қарым-қатынасымызды нығайтып, дамуға көмектеседі, – дейді ерлі-зайыптылар.
Тілдерді үйренгісі келетіндер үшін «Шырақ» орталығының байланыстары: Қарағанды қ., Ғ. Мұстафин к-сі, 6/4.
Call-орталық: (8-7212) 502-515, 8-702-231-16-85. Email: shyrakcenter@mail.ru. Instagram: @shyraq_qaragandy.
Орталықтағы барлық курстар тегін.