Қарағандылықтарды мүгедектігі бар адамдармен этикалық қарым-қатынас құруға үйретеді

Қарағандылықтарды мүгедектігі бар адамдармен этикалық қарым-қатынас құруға үйретеді

Қарағандыда қала тұрғындарының мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас құру курсы іске қосылады. Тыңдаушыларға ерекше қажеттіліктері бар адамдарға олардың сезімдерін қорламай, әдепті қарым-қатынас құру және көмектесуді үйретеді.

Курстың басталуы туралы Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы Нияз Сүндеталиев «Әкімдік қайда қарайды» атты подкастында айтып берді.

Курсты Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының бастамасымен құру туралы шешім қабылданды. Сабақтарды осы орталықтың мамандары өткізетін болады. Курстың негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдармен әдепті қарым-қатынас жасауға үйрету.

– Бізде кейбір адамдар, мысалы, арбадағы адамға көмектескісі келіп, арбаны, шынтақ астын және т. б. ұстап, бірден итере бастайды, Бірақ мүгедектер арбасы – бұл жай ғана қозғалыс құралы емес, адамның ажырамас бөлігі, қажеттілік. Сондықтан ең дұрысы – келіп: «Сізге көмек керек пе?» деп сүраған жөн. Егер адам шынымен де оған мұқтаж болса, ол сізге: «Иә, сіз аздап итере аласыз ба?» деп жауап береді, – дейді Нияз Сүндетәлиев.

Курс бір жарым сағатқа есептелген. Осы уақыт ішінде тыңдаушылармен арбамен жүретін, зағип, нашар еститін және саңырау адамдармен, сондай-ақ психикасы бұзылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланады.

Курстарды тоқсанына бір рет өткізу жоспарлануда. Тыңдаудан кейін enbek.kz сайтында қосымша онлайн-оқудан өтіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен этикалық коммуникация курсынан өткеніңіз туралы сертификат алуға болады.

Таяудағы оқу 21 сәуірде сағат 15:00-де Тәттімбет көшесі, 709 мекен-жайында, Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының базасында өтеді. Сабақ тегін болады. Қатысқысы келетіндерден алдын ала жазылуды сұрайды. Телефон: +7-777-540-44-94. Instagram @ten_qogam_qaragandy.