Қарағандыда еліміздің мықты сарбаздары киокушин-кан каратеден Қазақстан Кубогында кездеседі

Қарағандыда еліміздің мықты сарбаздары киокушин-кан каратеден Қазақстан Кубогында кездеседі

С. Сәпиев атындағы Қарағанды бокс орталығында 10-12 сәуірде киокушин-кан каратеден Қазақстан кубогы өтеді. Аталмыш спорт түрінің әуесқойларын спортшыларға қолдау көрсетуге шақырады. Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 540 үздік жауынгер қатысады.

Үздік каратэшілер 10 сәуірде сағат 17:00 «торда» білек сынасады. Негізгі жекпе-жек теміртаулық Әлем және Азия чемпионы Никита Гарастың Жолбарыс лақап аты бар өзбекстандық кәсіпқой спортшымен (Mamadiyorov Feruzjon) кездесуі болмақ.

Бағдарлама:

9 сәуірде сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін – Face to Face Kyokushin Combat Fighting қатысушылары;

10 сәуірде сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін – Kyokushin Combat Fighting;

11 сәуірде сағат 10:00–12:30 – кумите түрі бойынша жарыс. 10–15 жастағы спортшылар (барлық салмақ санаттары);

12 сәуірде сағат 10:00–19:00 – кумите түрі бойынша жарыс өтеді. 16-17 жастағы каратешілер (барлық салмақ санаттары).

Ката түрінен жарыс – барлық жас топтары.

Кумит түрінде – 18+ жастағылар (барлық салмақ санаттары).

Турнирдің салтанатты ашылуы – 12 сәуірде сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.

Kyokushin Combat Fighting және ҚР Кубогының жекпе-жектеріне кіру тегін.