Қарағанды облысының делегациясы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің конференциясына қатысты.
Іс-шарада халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі, белгілі суретші Кәріпбек Күйіковтың суреттері көрмесі өтті. Қарағандылықтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан «Полигон жаңғырығы» атты фотокөрмені ұсынды.
– Біздің отанымыздың өнерін БҰҰ сияқты маңызды халықаралық тұғырнамада таныстыру біз үшін үлкен мәртебе. Біз шығармашылық пен өнер арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығы туралы, жаһандық қауіпсіздікті қолдаудағы әрбір адамның рөлі туралы мықты хабарлама жеткізуге болатынына сенімдіміз, – деп атап өтті Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов.
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі конференция – маңызды халықаралық оқиға. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен үкіметтер мен азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар жиналады.
Конференция барысында Қарағанды облысының экспозициялары қолжетімді болды.
Бұл жұмыстар жүздеген адамның назарына ұсынылып, қолсыз сурет салатын суретшінің рухының күшімен таң қалдырды, оның тағдыры – ядролық сынақтардың салдарының қайғылы айғағы.