Қарағандылықтарды қалалық ауылшаруашылық шағын жәрмеңкелеріне шақырады. Олар сенбі күндері – 5, 12, 19 және 26 сәуірде өтеді. Сауда сағат 09:00 басталады.
Тұрғындарға қолайлы болуы үшін жәрмеңке қаланың үш секторында ұйымдастырылады:
- Оңтүстік-Шығыста – Global City фермерлік орталығы, 134 есептік квартал, 921 құрылыс;
- Майқұдықта – «Ұмай» СҮ, Карл Маркс көшесі, 9;
- Пришахтинскіде – «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаң, Металлистер көшесі, 24/2 құрылыс.
Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы, ет-сүт өнімдерін және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен сатып алуға болады.