Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов келеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықпен кездесу жоспарланған. Ол 2 сәуірде сағат 15:00-де Достық үйінде (Шахтерлер даңғылы, 64) өтеді.
Кездесуден кейін вице-министрге өз сұрақтарымен жеке қабылдауына жүгінуге болады. Өтінімдер үшін нөмірлер: (8-7172) 74-05-08, 8 -771-592-81-14.