Қарағандыда шахмат бойынша SENAT OPEN Кубогының іріктеу кезеңі өтеді

Қарағандыда шахмат бойынша SENAT OPEN Кубогының іріктеу кезеңі өтеді

Сенаттың II ашық кубогының іріктеу кезеңі 2025 жылдың 4 сәуірінде өтеді. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 35 үздік шахматшы анықталады.

Жарысты өткізу уақыты мен орны: Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 64, сағат 10:00-18:00.

8-701-180-80-68 нөмірі бойынша қосымша ақпарат (Олег Гарриевич).

Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Қарағанды облысында шахмат спортын дәріптеу және дамыту үшін өткізіледі.