Қостанайда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстанның жеке-командалық чемпионаты өтуде. Қарағанды облысының спортшылары төрт медаль жеңіп алды.
Олеся Теренюк 45 кг салмақта және Нұрбол Ешімбеков 55 кг салмақта алтын жүлдеге ие болды. Күмісті ауыр атлет Никита Грамачков жеңіп алды.
Александр Бабенкода қола жүлде.
Бұл нәтиже – аралық. Чемпионат 2 сәуірге дейін жалғасады. Біздің спортшыларымыздың медаль қоржынын толтыруға мүмкіндігі бар.
– Бізде әлем чемпионы Артем Андропов әлі өнер көрсеткен жоқ. Әрине, біз одан жоғары нәтиже күтеміз. Ол 1 сәуірде өнер көрсетеді. Жалпы, қазірдің өзінде біздің спортшылар тамаша нәтижелер көрсетіп отырғаны байқалады, ал чемпионаттың өзі жоғары деңгейде өтіп жатыр, – дейді ауыр атлетикадан Қарағанды облысының бас жаттықтырушысы Абзал Қыдыров.
Жеке және командалық сынақтардың соңғы қорытындысы 2 сәуірде белгілі болады.