29 наурызда қарағандылықтарды қалалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің шағын жәрмеңкесіне шақырады. Сауда сағат 09:00 басталады.
Қарағандылықтар азық-түлікті нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен сатып ала алады.
Тұрғындардың қолайлылығы үшін сауда қаланың әр бөлігінде болады:
- Оңтүстік-Шығыста – Global City фермерлік орталығы, 134 есептік квартал, 921 құрылыс;
- Майқұдықта – «Ұмай» СҮ, Карл Маркс көшесі, 9;
- Пришахтинскіде – «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаң, Металлистер көшесі, 24/2 құрылыс.
Өткен жәрмеңкелерде облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 64 тоннаға жуық ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), 175 мың дана жұмыртқа, 15 тоннадан астам сүт өнімдері және 10 тоннаға жуық басқа да өнімдер сатты.