Қарағандылық Ибрагим Магомадов Қазақстанға күрестен Азия чемпионатының алғашқы медалін әкелді

Қарағандылық Ибрагим Магомадов Қазақстанға күрестен Азия чемпионатының алғашқы медалін әкелді

Иордания астанасы Амманда күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты өтуде.

Құрлықтық біріншіліктің алғашқы күні Қарағанды облысының балуаны Ибрагим Магомадов көзге түсті.

Ол қола жүлдегер атанды және ұлттық құрамаға алғашқы медаль әкелді.

Грек-рим стилі өкілдерінің сайысында Ибрагим Магомадов 77 кг дейінгі санатта өнер көрсетті.

Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте ол иорданиялық Амро Садені жеңді.