
Бұқар жырау ауданының «Руханият» қосымша білім беру орталығының «Сырғалым» би ансамблі Өзбекстан астанасындағы TOSHKENT Navro'z Festivali халықаралық өнер чемпионатында екі Гран-приге ие болды.

Байқау 7–9 және 10–13 жас аралығындағы өнерпаздар үшін өте сәтті өтті. Шығармашылық жарысқа барлығы 100-ден астам ұжым қатысты.

– Бұл біздің халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жетістігіміз. Балалар жаңа идеяларға толы және шабыттанып қайтты. Мұндай байқаулар оларға зор шығармашылық тәжірибе беріп, жаңа көкжиектер ашады, – деп есептейді «Сырғалым» ансамблінің көркемдік жетекшісі Зарина Өскенбаева.

Жас бишілер қойылымға бір жыл бойы дайындалды. Қазылар алқасына ансамбль эстрадалық және түрік билерін ұсынды.

Бұл ұжымның шетелге екінші сапары. 2023 жылы «Сырғалым» алғаш рет Ташкентке халықаралық байқауға шығып, бірінші орынды иеленді.

– Қала бізді өте жылы қарсы алды. Біз көптеген көрікті жерлерді көріп, Өзбекстанда Наурыздың қалай тойланатынымен таныстық. Балалар үшін бұл сапар пайдалы әрі қызықты болды, – деп атап өтті Зарина Өскенбаева.

Бұған дейін ансамбль бірнеше рет облыстық және республикалық байқауларда бірінші орын алған.