Қарағанды облысында «Жайдарман» республикалық фестиваліне қатысу үшін 16 команда іріктелді

Қарағанды облысында «Жайдарман» республикалық фестиваліне қатысу үшін 16 команда іріктелді

Қарағандыда студенттер мен оқушылар арасында «Жайдарман» облыстық фестивалі аяқталды. Оған 30 команда қатысты. Қазылар алқасы республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайтын 16 команданы іріктеп алды.

Бөкетов атындағы ҚарУ сахнасында мектеп оқушыларының 10 командасы мен жоғары лиганың 20 студенттік командасы өнер көрсетті.

Мектеп командалары арасында Бұқар жырау ауданының Жаңақала ауылының «Жаңа Сити» командасы бірінші, осы ауданның Үштөбе ауылының «Қырмызы Кезары» командасы екінші орын алды.

Жоғары лига командалары үшін фестиваль «Жайдарман» байқауының 1/8 республикалық кезеңіне іріктеу болды. Ол сәуір айында Қарағандыда өтеді.

– Биыл фестивальдің тақырыбы креатив болды. Жастар өздерін түрлі рөлдерде көрсетті. Қазылар алқасында белгілі жайдарман ойыншылары, айтыскерлер, ақындар болды. Олар біздің қатысушылардың өнерін жоғары бағалады, – дейді фестивальдің ұйымдастырушысы Бегім Қантөре.