Саран тұрғындарын бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Саран тұрғындарын бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Жұмыс іздеп жүрген сарандықтар бос орындар жәрмеңкесіне шақырылады. 20 қалалық кәсіпорын жаңа қызметкерлерді қабылдауға дайын.

Олардың ішінде Саран экономикалық аймағына кіретіндер де бар. Жәрмеңкеге пробация қызметі мен прокуратура өкілдері де шақырылды, олардан еңбек заңнамасына байланысты мәселелер бойынша кеңес алуға болады.

Шараға қаланың оқу орындарының өкілдері де қатысады.

— Жәрмеңкеде кәсіпорындардағы бос орындар ұсынылады. Жәрмеңкеге қатысуға ниет білдіргендердің бәрі де қатыса алады, — дейді Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлжанов.

Бос орындар жәрмеңкесі 18 наурызда сағат 11:00 Саран қаласының Мәдениет үйінде өтеді.