Саранда Наурыз мейрамына орай жүгіруге тіркелу жүріп жатыр

Саранда Наурыз мейрамына орай жүгіруге тіркелу жүріп жатыр

Саранда Наурыз мерекесіне арналған NAURYZ RUN жүгіруі ұйымдастырылады. Шара 22 наурызда сағат 10:00 басталады. Қатысуға барлық ниет білдірушілер шақырылады.

Инстаграмда @sport.bolimi парақшасында немесе WhatsApp 8-707-532-22-50 нөмірінде тіркелуге болады.

Үш аралық болады: 7 шақырым – 13 жастан асқан қатысушылар үшін, 14 және 21 шақырым (18 жастан асқан). Жарыстың басталуы мен аяқталуы Рабочая мен Новая көшелерінің арасында өтеді.

13 жасқа дейінгі балалар 500 метр қашықтыққа жүгіре алады. Кішкентай жанкүйерлердің көңілін аниматорлар аулайды.

Барлық қатысушылар логотипі бар естелік медальға ие болады.

Старттық пакеттер 20 наурызға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85а (221 каб.) мекенжайы бойынша қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде беріледі.