Қарағандыда ғалым-ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орайластырылған «Өнегелі өмір» ғылыми-танымдық конференциясы ұйымдастырылды. Шара Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің алаңында өтіп, онлайн-режимде оқушылар қатысты.
Конференция екі бағытты қамтыды: Шоқан Уәлиханов – ғалым-энциклопедист; Шоқан Уәлиханов – әдебиеттанушы.
Педагогтар мен кітапханашылар қазақтың көрнекті қайраткерінің өмірі мен оның мұрасы, ғылымға қосқан үлесі туралы айтып берді. Студенттер Шоқан Уәлихановқа арналған қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.
Конференцияға облыс мектептерінің 8–9 сынып оқушыларының 35 жұмысы ұсынылды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.