15 наурызда Қарағандыда Наурыз мерекесіне орайластырылған қалалық ауыл шаруашылық шағын жәрмеңкелері өтеді. Сауда сағат 09:00 басталады.
Жәрмеңкелер үш жерде болады:
- Оңтүстік-Шығыста – Global City фермерлік орталығы, 134 есептік квартал, 921 құрылыс;
- Майқұдықта – «Умай» СҮ, Карл Маркс көшесі, 9;
- Пришахтинскіде – «Молодежный» мәдениет үйі, Металлистер көшесі, 24/2 құрылыс.
Сатып алушыларға ауыл шаруашылығы, ет-сүт өнімдері мен жергілікті өндірушілердің тауарлары нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен ұсынылады.