Қарағандының Станиславский театрында актриса Ирина Егорованың мерейтойы атап өтіледі

Қарағандының Станиславский театрында актриса Ирина Егорованың мерейтойы атап өтіледі

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында 21 наурызда Ирина Егорованың мерейтойы «Баба Шанель» спектаклімен атап өтіледі. Актриса бұл күні өзінің 50 жылдығын және шығармашылық қызметінің басталғанына 30 жыл толуын атап өтеді.

Николай Коляданың «Баба Шанель» спектаклінде Ирина Егорова басты кейіпкерлердің бірі – Тамара Ивановна рөлін сомдайды. Басталуы – 17:00.

Станиславский театрында актриса 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Оның есебінде ересектердің спектакльдерінде 40-қа жуық және балалардың спектакльдерінде 30-ға жуық рөлдер бар.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: (8-7212) 30-12-82.