Қарағандылық боксшылар Черногориядағы жастар арасындағы Әлем кубогында алтын мен күміске ие болды

Қарағандылық боксшылар Черногориядағы жастар арасындағы Әлем кубогында алтын мен күміске ие болды

Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем кубогы мәртебесіне ие «Адриатика маржаны» турнирі өтті. Қазақстан құрамасы 27 медальға ие болды: 4 алтын, 11 күміс және 12 қола. Бұл табысқа қарағандылық спортшылар – Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері де қатысты.

"Қарағанды облысының атынан Черногориядағы беделді халықаралық турнирге алты боксшы қатысты. Олардың екеуі медаль жеңіп алды. Нығман Нығмет Қазақстанның қоржынын алтынмен толықтырып, үздік техника үшін кубок алды. Алина Құдайгенова 63 кг салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды", – деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.

57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте Нығман Нығмет қырғызстандық спортшы Амантұр Жұмаевпен кездесті. Төрт раундтың қорытындысы бойынша ол 3:1 есебімен жеңіске жетті.