Теміртау әкімінің әйелдерге арналған «Өрлеу» сыйлығына өтінімдер қабылдануда

Теміртау әкімінің әйелдерге арналған «Өрлеу» сыйлығына өтінімдер қабылдануда

Теміртау әкімінің «Өрлеу» арнайы сыйлығы қаланың дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерге беріледі. Байқауға қатысуға 26 наурызға дейін өтініш беруге болады.

«Өрлеу» сыйлығы 2022 жылы тағайындалған. Сол уақыттан бері оған 26 әйел ие болды, олардың арасында дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, жұмысшы мамандық өкілдері және басқалары бар.

Биыл сыйлық көлемі 200 мың теңгені құрайды.

Ол сегіз номинация бойынша беріледі:

«Мемлекеттік басқару»;

«Бизнес»;

«Денсаулық сақтау»;

«Білім беру»;

«Мәдениет»;

«Спорт»;

«Қоғамдық ұйымдар»;

«Жұмысшы мамандығындағы әйел».

Сыйлық беру конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

- қатысуға өтінім;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- түстi фотосурет 9 * 12 форматта;

- кандидаттың кәсіби қызметін жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;

- кандидатта мемлекеттік және қоғамдық наградалар мен сыйлықтардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

- бірінші басшы қол қойған (ұйымның мөрі бар бланкісінде) барлық еңбегі мен жетістіктері сипатталған жұмыс орнынан мінездеме;

- фотопрезентация немесе өз қызметі, отбасы туралы бейнеролик.

Жиналған құжаттарды ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Абай көшесі, 112, кабинет 24, 27, «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі».

Өтінімдер 26 наурызға дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: 8-775-989-45-43.