Қарағанды облысында 6 наурызда шұғыл құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі

Қарағанды облысында 6 наурызда шұғыл құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі

Қарағанды облысында «Баршаның назарына!» белгісі бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында 6 наурызда сағат 11:00-де барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті сабырлық сақтауды және үрей мен дүрбелеңге бой бермеуді сұрайды.