Қарағандыда алғаш рет цифрлық шынайылықта әскери-тактикалық жарыс өтті

Қарағандыда алғаш рет цифрлық шынайылықта әскери-тактикалық жарыс өтті

Қарағандыдағы № 19 мектептің базасында Қазақстан Қорғаныс министрлігі алғаш рет «Геотактика» виртуалды полигонын пайдалана отырып, қашықтан әскери-тактикалық жарыстар ұйымдастырды. 

Отандық IT-компания әзірлеген жауынгерлік әрекеттердің бұл инновациялық симуляторы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқу бағдарламаларына енгізілетін болады.

Қатысушылар әскери топография, атыс даярлығы және FPV-дрондарды басқару дағдыларын көрсетті.

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, цифрлық технологиялар нақты полигондарға барудың қажеттілігінсіз әскери даярлық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

– «Геотактиканы» пайдаланатын әскери-тактикалық жарыстар елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл симулятор компьютерлік технологиялар мен виртуалды шолу көзілдіріктерін пайдалана отырып, аудиторияның қолайлы жағдайында әскери іс негіздерін игеруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Айгүл Төлембаева. – Ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлауға баса назар аударылды.

«Геотактика» симуляторы 2023 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі өткізетін Defence Tech Battle стартаптар байқауында жеңіске жетті және қорғаныс саласындағы үздік инновациялық технология деп танылды.

Виртуалды полигон ұрыс қимылдарының түрлі сценарийлерін модельдеуге, ұрыс тактикасын, қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды үйретуге мүмкіндік береді. 

Биылдан бастап симулятор әскери жоғары оқу орындары мен колледждердің курсанттарын оқыту үшін, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелерінде бастапқы әскери және технологиялық даярлықта белсенді пайдаланылатын болады. 

Бұл жарыстар оқушыларға қауіпсіз және технологиялық ортада жауынгерлік дағдыларды игеруге мүмкіндік бере отырып, әскери білім беруді цифрландыру процесінің бір бөлігіне айналды.

60-тан астам білім беру ұйымдарының командалары әскери топография, оқ ату, жергілікті жерге бағдарлау, баллистиканы талдау және нысаналарды жою бойынша жаттығуларды орындады. Виртуалды сценарийлер топта өзара іс-қимыл жасау, басқару және үйлестіру дағдыларын пысықтауға мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысы бойынша № 32 мектептің командасы жоғары дайындық пен кәсібилікті көрсетті; екінші орында – үздік тактикалық дағдылары мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсеткен № 19 мектеп; үшінші орында – Абай атындағы гимназия.

Жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Жеңімпаздар FPV-дрон және ұшу трассасы жабдықтарының жиынтығы, сондай-ақ симуляторда дронды басқару пульті; екінші және үшінші орын алғандар – симулятордағы ұшқыштың басқару пультіне ие болды.