Теміртауда биыл қалалық полиция басқармасының базасында Жедел басқару орталығы ашылады.
Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Неғмет Исмағұлов оны іске қосуға байланысты дайындық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖБО-на қалада орнатылған сегіз мың бейнебақылау камерасының үш мыңға жуығы қосылады. Бұл құқық қорғау қызметкерлеріне оқиғаларға жедел ден қоюға, криминогендік жағдайды бақылауға, сондай-ақ білім беру мекемелері мен балабақшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыстық полиция басшысы жедел және ахуалдық орталықтарды іске қосуға дайындықты күшейтуді және оларды қысқа мерзімде толық қуаттылыққа шығаруды тапсырды.