Жас суретшілер Қарағандыдағы көрмеде өз еңбектері арқылы көшпенділердің өмірі туралы әңгімелейді

Жас суретшілер Қарағандыдағы көрмеде өз еңбектері арқылы көшпенділердің өмірі туралы әңгімелейді

15 жас суретшінің 30-дан астам жұмысы "Дала. Көшпенділер" атты көрме өтеді. Экспозиция 20 ақпанда сағат 16:00 ашылады.

Көрме – көшпенділердің дәстүрлері мен олардың қазіргі қоғамға ықпалы туралы ойланатын алаң. Қарағандылық жас суретшілер өз шығармашылықтарымен көшпелі халық өмірінің тарихы мен философиясы туралы әңгімелейді.

Көрмеде түрлі жанрдағы және түрлі қырлы жұмыстар: пейзаждар, портреттер, графика, абстрактілі суреттер, тоқыма бұйымдары ұсынылады.

Экспозиция 2 наурызға дейін жалғасады.

Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері – 10:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері - 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: (8-7212) 475-475.