Қарағанды мұражайында болашақ дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылады

 Қарағанды мұражайында болашақ дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы «Шығармашылық идеялар галереясы» көрмесіне шақырады. Келушілер болашақ дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенттері қандай бағытта жұмыс істеп жатқанын көреді.

Көрменің ашылуы 19 ақпанда сағат 16:00 болады.

– Бұл Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің дизайн және сәндік-қолданбалы өнер бөлімімен біздің алғашқы ынтымақтастығымыз емес. Оқу орны айтарлықтай жоғары деңгейде. Студенттер мен олардың оқытушыларының жүзге жуық жұмыстары ұсынылады. Өнердің түрлері мен жанрлары әр түрлі: кескіндеме, графика, дизайн-жобалар, хендмейд және т. б., – деді көрменің кураторы Айгүл Омарова.

Көрме 2 наурызға дейін жалғасады.

Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде оныншы жыл қатарынан сәндік-қолданбалы өнер шеберлері даярлануда. Студенттерге қыш өңдеу, былғарыдан, киізден бұйымдар жасауды үйретеді.