Дубайда (БАӘ) Fazza World Para Athletics Grand Prix 2025 әлемдік Гран-при сериясы аясында әлемнің ең мықты ерекше жеңіл атлетшілерінің сайысы аяқталды. Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында сегіз медальдің бесеуін жеңіп алды.
Ядро лақтыруда 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков үздік атанды.
Жүз метрге жүгіруден Руфат Хабибуллин үшінші орынды иеленді. Бірақ өткен маусымда ол өзін найза лақтыруда сынап көрді. Жаңа спорт түрінен нәтижесі – әлемдік Гран-при сериясының күміс медаліне ие болды.
Игорь Хлыстов жүз метрге жүгіруден екінші орын алды.
Ал бесінші жүлдені Бекжан Бөлкетай жеңіп алды – ұзындыққа секіруден күміс жүлдегер атанды.
Параатлеттерді Сергей Безгачев жаттықтырады.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша