Қарағандылықтарды Қазақстан чемпионатында ММА жауынгерлеріне қолдау көрсетуге шақырады. Ең басты республикалық шара 15–19 ақпанда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді. Кіру тегін.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, барлық облыстардан, Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. 16–17, 18–20 және 21+ жас санаттарындағы жауынгерлер чемпиондық және құрамадағы орын үшін күреседі.
Қарағанды облысының құрамасы республикалық біріншілікке белсенді дайындалуда.
– Біздің облысымыздан 60 жауынгер өнер көрсетеді. Олардың арасында әлем чемпиондары мен жүлдегерлері, Азия чемпиондары бар. Жеңіске жетеміз деп бел буып отыр. Бұл кіл мықтылардың шайқасы, сондықтан қарсыластарымыз да күшті. Менің ойымша, басты бәсекелестік аралас жекпе-жек өнері дамыған Алматы, Ақтөбе, Атырау спортшылары арасында болмақ, – дейді Қарағанды облысының ММА бойынша аға жаттықтырушысы Рашид Дагаев.
Жарыс кестесі:
15 ақпан – сағат 11:00–18:00 аралығында 16–17 жастағы жасөспірімдердің жарыстары мен ақтық сайыстары.
16, 17 ақпан – 18–20 жастағы жастар арасында және ересектер арасында 21 + сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жекпе-жек.
18 ақпан – 18–20 жастағы жастар арасында және 21 + ересектер арасында 11:00-ден 20:00-ге дейін жартылай финалдық ұрыс.
19 ақпан – 18–20 жастағы жастар мен 21 + ересектер арасындағы финалдық жекпе-жек, сағат 10:00 басталады.