Өткен жылы «Күміс жас» жобасы бойынша 19 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Өткен жылы «Күміс жас» жобасы бойынша 19 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды

2024 жылы «Күміс жас» жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жобасы бойынша зейнеткерлік жасқа дейінгі 19 199 қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Қарағанды облысында осы жоба бойынша 1471 адам жұмыс тапты.

Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Ол үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.

Субсидиялар мөлшері жұмыстың алғашқы жылында жалақы мөлшерінің 70% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жасқа дейінгі адамды зейнетке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті.

Жоба бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 441 адам), Жамбыл (1 845 адам) және Қарағанды (1 471 адам) облыстарында байқалады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі