Саранның ірі кәсіпорындарында QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылды, бұл код арқылы қала әкімі Дарын Бұлқайырдың жеке қабылдауына жазылуға болады. Сондай-ақ, жұмысшылар қала басшысына онлайн режимінде хабарласуы үшін компьютерлер мен веб-камералары бар аймақтар жабдықталады.
– Мұның бәрі әкімнің бастамасымен жасалып, оның жеке бақылауындағы тапсырмасы. Жоба іске қосылуға дайын, – дейді Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжанов.
Қазір QR-кодтары бар тақтайшалар Саранның 20 ірі кәсіпорнының үй-жайларында орнатылған. Олардың қатарында QazTechna автобус зауыты мен Silk Road Electronics тұрмыстық техника өндірушісі бар. Кодтарды сканерлей отырып, қала әкіміне офлайн және онлайн қабылдауға жазылуға болады.
Қала әкiмiмен белгiленген кесте бойынша - айына екi рет, жұма сайын көзбе-көз сөйлесуге болады. Неғұрлым шұғыл мәселелерді шешу үшін онлайн қабылдау ыңғайлы болады. Мұндай кездесулердің кестесі өзгермелі: оларды әкімнің бос уақыты болғанда тағайындайды.
Саран Қарағанды облысындағы әкімнің жеке қабылдауына осындай жазылу жүйесін іске қосқан жалғыз қала. Мұндай бастамалар азаматтардың әкімшілікпен өзара іс-қимылы процесін жеңілдетуге бағытталған, бұл өз кезегінде мәселелерді тез әрі тиімді шешуге көмектеседі.