Қарағанды қаласының күніне орай көру қабілеті бұзылған балаларға арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды

Қарағанды қаласының күніне орай көру қабілеті бұзылған балаларға арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды

№ 1 арнайы мектеп-интернатта Қала күніне орайластырылған көрме өтті. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері көру қабілеті бұзылған балалар әр заттармен таныса алатындай етіп, экспозицияны іріктеп алды.

№ 1 мектеп-интернаттағы көрмеде балаларға Қарағандының пайда болуы және дамуымен тығыз байланысты заттар коллекциясы ұсынылды: шойын балға, шахтер каскасы, көмір кесегі. Экспозицияда Ұлы Отан соғысына қатысқан қарағандылықтарға тиесілі заттар, сондай-ақ алғашқы құрылысшылардың тұрмыстық заттары: жорық қазаншасы, керосин шамы және тағы басқалары болды.

Балалар барлық экспонаттарға қол жеткізе алды.

Көрме басталар алдында мектеп оқушыларына Қарағанды тарихымен таныстыру рәсімі өткізілді.

– Көрмеден кейін балалармен әңгімелестік, олардың көңілінен шықты ма деп сұрадық. Балалар жаңа тәжірибе жинап, туған қаласының тарихы туралы білімдерін нығайтты. Олардың тарих сабақтарында өткенін бекітті деуге болады, – деді № 1 арнайы мектеп-интернат директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Айтжамал Ибраева.

«Арқаның айбынды қаласы – Қарағанды» көрмесі «Баршаға арналған өнер» мұражай жобасы аясында ұйымдастырылды. Оның мәні түрлі адамдардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бейімделген көшпелі іс-шараларды өткізу болып табылады.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Ю. Павлов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қала күніне орай көшпелі көрме өткізді.