
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Наурыз» және «2-10-20» бағдарламары бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша «Отбасы банк» АҚ-нан мақұлдау алған тұлғалардан тұрғын үй сертификаттарын алу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Әлеуметтік көмекті келесі санаттағы кезекте тұрғандар пайдалана алады:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілгендер, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы шайқас қимылдарының ардагерлері;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен созылмалы аурулардың ауыр түрлері бар адамдар;
- жасына байланысты зейнеткерлер;
- 29 жасқа толмаған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- қандастар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйінен айырылған адамдар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару, адам өмірін құтқару, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасылары;
- толық емес отбасылар.
Мемлекеттік қызметке өтініш Электрондық үкімет веб-порталы (egov.kz) арқылы беріледі.
Қажетті құжаттар:
Сұрақтармен мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Чкалов көш., 7, каб. 301. Телефон: (8-7212) 95-56-01.
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін.