Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қыс, ол тек ақ болып көрінеді» көрмесі өтеді. 4–17 жас аралығындағы балалар өз жұмыстарын ұсынады.
Көрмеде түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған жұмыстар көрсетіледі. Олардың авторлары – «НаТВОРИм» Қарағанды даму және шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері.
Экспозицияда сурет, графика, композиция, мүсін және т. б. жанрдағы 400-ден астам жұмыс болады.
Көрменің ашылуы – 23 қаңтар күні сағат 15:00. Ол 2 ақпанға дейін жалғасады.