Қарағандылықтарды қардан мүсін жасау байқауына қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды қардан мүсін жасау байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды саябақтары мен гүлбақтары басқармасы ең креативті қар адамы мүсініне байқау жариялады. Оған қаңтар айының соңына дейін қатысуға болады.

Бірінші орын үшін бақ сынасқысы келетіндер Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында қардан мүсін жасауы керек. Биіктігі бір метрден кем болмауы тиіс. Мүсінді кез келген нәрсемен безендіруге болады. Байқауды ұйымдастырушылар қатысушылардың қиялын шектемейді.

Дайын қар мүсінімен суретке түсіп, суретті Instagram-да жариялау керек. Суреттің астында пішіннің нақты орналасқан жерін және оның қысқаша сипаттамасын көрсету қажет. Сондай-ақ Қарағанды саябақтары мен гүлбақтары басқармасының @park.krg аккаунтын міндетті түрде белгілеу керек.

Қазылар алқасы үздік үш мүсінді таңдап, олардың авторларын арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттайтын болады.