Бұқар жырау ауданында тағы бір дәрігерлік амбулатория салынды

Бұқар жырау ауданында тағы бір дәрігерлік амбулатория салынды

Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылдық округінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша салынған дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты ашылды.

Медициналық мекеме заманауи жабдықтармен жабдықталған, 

сондай-ақ мұнда функционалдық кабинеттер жұмыс істейді. 

Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

– Ауылдарды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі. Мұнда Самарқанд ауылдық округінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіледі, – дейді Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Әлия Шәйкенова.

Жаңа амбулатория Самарқанд ауылдық округінің бірнеше елді-мекендеріне қызмет көрсетеді.

– Енді бізге сапалы медициналық көмек алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Округ тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін, – дейді ауыл тұрғыны Күләш Жағыпарова.

Ауданда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысы одан әрі жалғасады.