Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы жас суретшілерді көрмеге шақырады

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы жас суретшілерді көрмеге шақырады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Sketch Academy" көркемсурет студиясы тәрбиеленушілерінің есептік көрмесі өтеді. Келушілер жас суретшілердің қиял әлеміне ене алады.

Sketch Academy Қарағандыда сегізінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Балаларға сурет салуды үйретіп қана қоймай, олардың шығармашылық ойлауын дамытады.

Sketch art көрмесінің ашылуы 10 қаңтарда сағат 12:00-де өтеді. Көрмеге жас суретшілердің 100-ден астам жұмыстары қойылған. Суреттер әртүрлі әдістермен жасалған: акрил, гуашь, ұсақ пластик және т. б.

"Әрбір жұмыс – автордың ішкі әлемінің көрінісі, оның қоршаған шындыққа көзқарасы, жеке тәжірибесі мен армандары. Көрмені тамашалай отырып, балалар жұмысында шығармашылық әлемдегі жаңа көкжиектерді көре аласыздар", – деп атап өтті мұражайда.

Sketch аrt көрмесі 19 қаңтарға дейін жалғасады.