Приозерскіде қала әкімінің жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Приозерскіде қала әкімінің жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Приозерск қаласында жеті тұрғынға "Талап-2024" қала әкімінің сыйлығы берілді. Ол түрлі мамандықтардың үздік өкілдеріне, жастар белсенділеріне беріледі.

Байқауға қатысуға өтінімдерді үміткерлердің өздері берді. Портфолиода олардың кәсіби саладағы және қоғамдық өмірдегі жетістіктері туралы ақпарат ұсынылған.

– "Талап-2024" сыйлығы туралы мен Instagram-нан білдім және өтініш беруді шештім. Оған оқушыларымның мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын қостым. Олардың арасында мектеп, қалалық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындар үшін грамоталар болды. Сондай-ақ біліктілікті арттыру бойынша семинарларға қатысқанымды растайтын сертификаттарды қоса бердім, – дейді Приозерск қаласының үздік жас мұғалімі деп танылған физика пәнінің оқытушысы Гүлназ Жантасова. – Менің жұмысым назардан тыс қалмағаны қуантады.

Сондай-ақ, "Талап-2024" сыйлығының лауреаттары атанғандар:

- Ержан Райымбаев – "Үздік жас белсенді";

- Алмаз Махатша – "Үздік жас құтқарушы";

- ⁠Азат Әдбіхалықов – "Үздік учаскелік инспектор";

- Нұрсұлтан Қыстаубай – "Үздік жас спортшы";

- Андрей Курбатов – "Үздік жас медицина қызметкері";

- Айдос Тайжанов – "Үздік жас әскери қызметші".

Барлық жеңімпаздар дипломдар мен қатар 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар алды.