Қарағанды облысының ПД-де учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар слетінде өткен жылдың қорытындысын шығарып, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударды, сондай-ақ үздік тәжірибені масштабтауды талқылады.
– Сіздер, учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, құқық тәртібін қамтамасыз етуде және құқық бұзушылықтардың алдын алуда алдыңғы қатардасыз. Біздің азаматтардың қауіпсіздігі сіздің жұмысыңыздың тиімділігіне байланысты. Учаскелік қызметкерлер кәсіби деңгейін үнемі арттырып, халықпен байланыста болып, туындайтын қауіп-қатерлерге уақтылы ден қоюы қажет. Егер қызметкер сапалы жұмыс істесе, онда оның учаскесінде әрдайым тәртіп бар, – деп атап өтті полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов.
Тек биыл бюджет есебінен полицейлер үшін 200 автокөлік сатып алынды, сондай-ақ Қарағандыда бірнеше мобильді полиция пункттері ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей айтты.
Өңірдегі учаскелік инспекторлардың имиджін арттыру және қызметін ынталандыру үшін өткен жылдан бастап жыл сайынғы "Мамандық бойынша үздік" конкурсы өткізіліп келеді. Жеңімпаздарға 2 млн теңге көлемінде облыс әкімінің сыйлығы беріледі. Биыл Айдын Бұлкенов "Қалалық жердегі ең үздік учаскелік инспектор" атанды. Ол Қарағанды полициясының Оңтүстік-Шығыс бөлімінің учаскелік инспекторы болып жұмыс істейді. "Ауылдық жерлердегі үздік учаскелік инспектор" атағын Қарқаралы ауданының полиция бөлімінен Ернұр Әткенов иеленді.
Сондай-ақ, полиция департаментінің грамоталарымен және ІІМ нышаны бар сағаттармен учаскелік инспекторлар, ювеналды және патрульдік полиция инспекторлары арасында "Мамандығы бойынша үздік" облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі