Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында жаңа экспонаттар көрмесі өтуде

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында жаңа экспонаттар көрмесі өтуде

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы барлық ниет білдірушілерді 2024 жылы алынған жәдігерлер көрмесіне шақырады. Олардың қатарында қазақ халқының тағдырына арналған бірегей картиналар және қаланың шетінде кездейсоқ табылған Қарағанды суретшісінің бұрын белгісіз туындылары бар.

Биыл мұражай қоры 117 өнер нысандарымен толықтырылды. Оның 72-сі – кескіндеме және графикалық кенептер, мүсіндер, сәндік-қолданбалы өнер нысандары. Олар негізгі қорға кірді. Тағы 45 бірлік – плакаттар, буклеттер, газет қиындылары, фотосуреттер – мұражайдың ғылыми-көмекші қорына түсті.

Бұл экспонаттардың барлығы мұражайға тегін берілді. Олардың кейбіреулері көрмелер мен түрлі іс-шаралардан кейін сыйға тартылды, олардың бір бөлігін мұражайға қарағандылық суретшілердің туыстары әкелді. Сондай-ақ, биыл қор шетелдік шеберлердің жұмыстарымен толықтырылды.

– Мұражайымыздың жақсы досы Валентин Даниленко бізге пошта арқылы Балтық суретшілерінің графикалық және кескіндемелік суреттерін жіберді. Барлығы 19 автор, онымен бірге 20 автор болды. Ол бізге 47 жұмысты тапсырды. Бұл суретшілердің бәрі тірі, әртүрлі техникада жұмыс істейді, соның ішінде заманауи техникада. Мәселен, олардың бірі – Виталий Ермолаев – өз техникасын – жарық кескіндемесін ойлап тапқан суретші, – деді Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының бас сақтаушысы Дәмелі Данкеева.

Сондай-ақ, көрмеге ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Мыңғыш Әбілқасовтың триптихі қойылды. 30-шы жылдардағы аштыққа арналған картиналарды туыстары мұражай қорына суретшінің мемориалдық көрмесін өткізгеннен кейін тапсырды.

Өнер сүйер қауым Қарағанды суретшісі Владимир Беличенконың жұмыстарымен де танысады.

– Өкінішке орай, ол ерте қайтыс болды, біз ол туралы өте аз білеміз. Ол кісі 1950 жылы дүниеге келген және Харьков өнер мектебін бітірген. Мұны бізге оның туыстары айтты. Оның өмірі туралы басқа мәліметтер жоқ. Суретгінің жұмысы Майқұдық қоқыс алаңынан табылды. Бақытымызға орай, №61 мектептің оқытушысы өтіп бара жатып, картинаны байқап, мектепке әкелген. Осы мектеп әкімшілігінің рұқсатымен жұмыстар мұражай қорына берілді, – дейді Дәмелі Данкеева. 

"Жаңа экспонаттар – 2024" көрмесі Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 2024 жылдың 22 желтоқсанына дейін жалғасады.