Қарағанды тұрғындары үшін саябақтарда бірқатар қысқы ойын-сауықтар дайындалды

Қарағанды тұрғындары үшін саябақтарда бірқатар қысқы ойын-сауықтар дайындалды

Қарағанды саябақтары мен гүлзарларында мұз айдындарын құю жұмыстары аяқталуға жақын. Сырғанақтар құю бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, фотоаймақтар орнатылуда, мерекелік безендіру жасалады. Бұл туралы қалалық әкімдікте айтылды.

Орталық саябақта биыл мұз айдыны батыс бөлікке қарай орналасқан. Ол әлдеқайда ұзынырақ және кең. Мұнда шырша мен бір үлкен сырғанақ орнатылды. Жағалау бойында көлге шығатын төрт үлкен сырғанақ жасалады. Көлге шығу алаңы шектеулі және қоршалған. Саябақ көлінде аэрация жұмыстарына байланысты мұз айдыны болмайды.

Майқұдық саябағында биыл шырша орнатылды. Мұз алаңы дайын. Балалардың қуанышына орай бір үлкен сырғанақ орнатылып қойды.

Пришахтинскіде, Қазақстанның 40 жылдығы саябағында да сырғанақ құйылды. Мұз айдынын құю жұмыстары аяқталуда. Ол 25 желтоқсанға дейін дайын болады.

Сұрыптаудағы МҮ гүлзарында шырша мен мұз айдыны дайын.

Оңтүстік-Шығыста Жеңіс саябағы мерекелік безендірумен қуантады – фотоаймақтар, ертегі үйлері ореатылды. Сырғанақ пен мұз айдыны бар. Жаңа жылдың басты нышаны – шырша да бүгін орнатылып жатыр.

Жаңа "Сарыарқа" алаңында сырғанақ пен мұз алаңы жабдықталды. Оларда тегін сырғанауға болады.

"Егер тюбинг немесе коньки болмаса, жалға беру пункттері Орталық саябақта, Майқұдық саябағында және "Сарыарқа" саябағында жұмыс істейтін болады. 21 желтоқсанда мұз айдындары мен сырғанақтарға мінуге болады", – деп хабарлады Қарағанды әкімдігі.

Биылғы қыста облыс орталығының саябақтары мен гүлзарларына жалпы ауданы 12 мың шаршы метр жеті мұз айдыны құйылады.