Бұқар Жырау ауданы Ақжар ауылы орталық су жүйесіне қосылды

Бұқар Жырау ауданы Ақжар ауылы орталық су жүйесіне қосылды

Бұқар Жырау ауданы Ақжар ауылында көптен күткен су құбыры іске қосылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды құдықтардан алған.

Ақжар ауылы аудан орталығынан 60 км қашықтықта орналасқан. Мұнда 350-ден астам адам тұрады. Интернет, ұялы байланыс, жарықтандыру бар, бірақ орталық сумен жабдықтау болған жоқ.

Су құбыры өткен жылы салына бастады. Құрылыс бөлімінің басшысы Әлішер Жаржановтың айтуынша, жоба 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту Тұжырымдамасы бойынша іске асырылды.

– Біз ауылдағы орталықтандырылған судың қосылуын көптен күттік. Ұңғымалардан суды пайдалану кезінде үлкен қолайсыздықтар болды. Қазір судың сапасы жақсы, ол ішуге жарамды. Бұл құрылысқа қатысы бар барлық адамдарға рахмет! – дейді Ақжар ауылының тұрғыны Зауреш Мауенова.

Алайда бұл жақын арада Ақжарда жасалатын жалғыз ғана жоба емес. Керней ауылдық округінің әкімі Ерхан Есентаевтың айтуынша, жұмыстар тек су құбыпын өткізумен ғана шектелмейді.

– Қазір жарықтандыруды жаңартып жатырмыз. Келесі жылы Ақжар ауылында кірме жолға күрделі жөндеу және кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жоспарланған, – деді Ерхан Есентаев.