Аяз Ата және Ақшақары бар жаңа жылдық мектеп автобусы алдағы 22 желтоқсан, жексенбі күні, Қарағанды мен Саран арқылы мерекелік рейс жасайды. Бұл QazTehna компаниясының сыйы.
Автобус Саран қаласында сағат 14:00-ден бастап жүреді.
Бағыт:
№ 7 мектеп-интернат;
№ 9 мектеп-интернат;
Мәдениет үйі.
Қарағандыда сағат 16:00-ден бастап жұмыс істейтін болады.
Бағыт:
К. С. Станиславский атындағы театр;
Кеншілер мәдениеті сарайы;
45-ші орам;
"Таир" сауда орталығы.
Тұрғындарды жаңа жылдық ғажайыпты жіберіп алмауға шақырады.
Ұйымдастырушылар: "Сиқырлы және көңілді атмосфераға шому үшін отбасыңызбен келіңіздер", – деп шақырады.