Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жылдық шараларға шақырады

Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жылдық шараларға шақырады

Қарағанды хайуанаттар бағы 22 желтоқсанда жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырады. Мерекелік шара көшеде және жаңа ғимаратта өтеді. Хайуанаттар бағында барлығы төрт шырша орнатылады.

Ертеңгілікте балаларға эльфтер мен аққалалар өнер көрсетеді. Бағдарламада Аяз Ата және Ақшақармен бірге шыршаның айналасындағы би, сондай-ақ көңілді ойындар, викториналар мен жарыстар бар.

Мереке 13:00-де басталып, 15:00-ге дейін жалғасады.