Қарағандының басты шыршасы 21 желтоқсанда жағылады

Қарағандының басты шыршасы 21 желтоқсанда жағылады

Қарағандының 20 метрлік бас шыршасындағы шамдар осы сенбі, 21 желтоқсан, сағат 17:00-де жағылады. Ол дәстүр бойынша Тәуелсіздік алаңында орнатылады.

Сағат 17:30-да мұнда қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары үшін шығармашылық ұжымдардың концерті мен мерекелік отшашу өтеді.

Сол күні сағат 18:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында шырша жағылады, сонымен қатар мұз айдыны ашылады. 

Сағат 18:30-де барлық ниет білдірушілер басты саябақ сахнасына шақырылады, онда мерекелік концерт өтеді.