Республикалық инклюзивті спорт фестивалінде қарағандылықтар төрт медаль жеңіп алды

Республикалық инклюзивті спорт фестивалінде қарағандылықтар төрт медаль жеңіп алды

Астанада Республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті. Қарағанды облысының оқушылары төрт түрлі медаль жеңіп алды.

Фестивальге Қазақстанның 19 өңірінен 5–6 және 7–8 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы қатысты. Жарыс бағдарламасы бочча, жеңіл атлетика және "көңілді старттан" тұрды. Қарағанды облысынан бес команда қатысты.

– Мамыр айында іріктеу өтті, оның нәтижелері бойынша фестивальге қатысу үшін командалар құрылды. Олардың әрқайсысында үш адам бар: екі қарапайым мектеп оқушысы және ерекше қажеттіліктері бар бір бала. Қарағандылықтар бір-біріне белсенді қолдау көрсетіп, өздерін біртұтас команда ретінде көрсетті. Фестивальдің басты жолдауы – барлық балалар тең және бұл жарыс осының тамаша көрінісі. Бұл тәжірибе оқушыларға әркімнің құрмет пен қолдауға лайық екенін түсінуге көмектесті, – деп атап өтті "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы басшысының орынбасары Асхат Кәкетаев.

Жеңімпаздар қатарында Саран қаласының командалары бар. Бочча жарысында 5–6 сыныптар арасында бірінші орынды № 13 жалпы білім беретін мектептің оқушылары иеленді. Жеңіл атлетикадан 7–8 сыныптар арасында № 7 мектеп-интернат оқушылары алтын медаль жеңіп алды.

Қарағанды қаласының. Мұстафин атындағы Жалпы білім беретін мектептің командасы "Көңілді старттарда" (5–6-сыныптар) екінші орын алды. Ал Теміртаудан № 11 жалпы білім беретін мектептің командасы 7–8 сыныптар арасында осы санатта қола алды.

Жеңімпаздар медальдармен, сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Жарыстардан басқа қатысушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырылды.