Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және жаңа жылға қосымша пойыздарды іске қосады.

Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша жүреді:

№ 201/202 Астана – Алматы пойызы:

-  Астанадан осы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанында, сондай-ақ 2025 жылдың 1 және 4 қаңтарында;

-  Алматыдан 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанында, сондай-ақ 2025 жылдың 2 және 5 қаңтарында.

№ 203/204 Астана – Шымкент пойызы:

-  Астанадан 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, сондай-ақ 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;

-  Шымкенттен 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.

№ 205/206 Ақтөбе – Астана пойызы:

-  Ақтөбеден ағымдағы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, сондай-ақ 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;

-  Астанадан 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 3, 6 қаңтарда аттанады.

2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап электр пойыздарының қосымша рейстері іске қосылады:

-  № 7553/6811-6812/7556 Қарағанды – Астана – Бурабай шипажайы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;

- № 7509/6805 – 6806/7510 Павлодар – Астана – Бурабай шипажайы – жұма және жексенбі күндері.

Анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ Instagram – @jolaushylar_tasymaly арқылы тегін алуға болады.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі